Размер шрифта:
Қазіргі уақытта балабақша бірінші қабатты жөндеуге қаржыландыруды күтуде. Бұл мәселе білім бөлімі тарапынан қарастырылуда.
20-03-2026 12:20
Қазіргі уақытта балабақша бірінші қабатты жөндеуге қаржыландыруды күтуде. Бұл мәселе білім бөлімі тарапынан қарастырылуда.

Құрметті ата-аналар!

 

> Қазіргі уақытта балабақша бірінші қабатты жөндеуге қаржыландыруды күтуде. Бұл мәселе білім бөлімі тарапынан қарастырылуда.

 

Жөндеу жұмыстары жаз мезгілінде (шамамен маусым айында) жүргізіледі деп жоспарлануда. Осыған байланысты, осы кезеңде балалардың қайда болатынын алдын ала ойластырып, демалыс рәсімдеулеріңізді сұраймыз

 

Баласын үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, қиын жағдайда тұрған отбасылар бойынша мәселе жеке қаралатын болады. Қажет болған жағдайда, мұндай балаларды жақын маңдағы балабақшаларға уақытша орналастыру мүмкіндігі қарастырылады (тек шын мәнінде мұқтаж отбасылар үшін)

 

Қалған ата-аналардан жөндеу жұмыстары кезеңінде балалардың қайда болатынын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

 

Бұл жағдай белгілі бір қолайсыздықтар тудыруы мүмкін екенін түсінеміз. Дегенмен, жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дайындық үшін өте маңызды. Біздің мақсатымыз – балаларды кең, таза, қауіпсіз және жаңартылған топ бөлмелерінде қарсы алу.

 

Қаржыландыру бөлініп, жөндеу жұмыстарының нақты мерзімі бекітілген жағдайда, сіздер алдын ала қосымша хабардар етілесіздер.

 

Қосымша сұрақтар бойынша балабақша әкімшілігіне жүгінуге болады

 

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!