Құжат: ADAY білім орталығы, Астана қ., 2026 ж. (Тіркеу №125).
19-01-2026 12:29
Құжат: ADAY білім орталығы, Астана қ., 2026 ж. (Тіркеу №125).
Балабақшамыз ADAY білім орталығының №514 бұйрығы негізінде ұйымдастырылған «Алтын қазына – Қысқы әлем» көркем және сәндік-қолданбалы шығармашылыққа арналған республикалық байқауына тәрбиеленушілердің қатысуына қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.
 
Бұл марапат – ұжымымыздың бірлескен еңбегінің, балалардың шығармашылығын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың және ата-аналармен тиімді серіктестіктің нәтижесі.
 
Барша педагогтерге белсенділігі үшін алғыс білдіреміз және тәрбиеленушілерімізге жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!