Размер шрифта:
ГУ «Отдел образования г.Балхаш» управления образования Карагандинской области хочет сообщить о возможном увеличении суммы родительских взносов за питание детей в детских садах города Балхаш независимо от форм собственности.
15-12-2023 13:20

Құрметті мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналары!

Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ меншік нысанына қарамастан, Балқаш қаласының балабақшаларында балаларды тамақтандыруға арналған ата-аналар жарнасының мөлшерінің ұлғаюы мүмкін екендігі туралы хабарлайды.

Мектепке дейінгі мекемедегі тамақтану білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыру қағидаттарына негізделеді және мыналарды қамтиды:

  1. балалардың тамақтануының энергетикалық құндылығының энергетикалық шығындарға сәйкестігі;
  2. тағамның химиялық құрамының организмнің физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігі;
  3. рационның максималды әртүрлі болуы оның тепе-теңдігін қамтамасыз етудің негізгі шарты болып табылады;
  4. оңтайлы тамақтану режимі;
  5. олардың жоғары дәмдік қасиеттерін және бастапқы тағамдық құндылығын сақтауды қамтамасыз ететін тағамды дұрыс дайындау;
  6. балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру;
  7. ас блогының жай-күйіне, жеткізілетін тамақ өнімдеріне, оларды тасымалдауға, сақтауға, тамақ дайындауға және таратуға қойылатын барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қоса алғанда, тағамның санитариялық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта Азық-түлік бағасының өсуіне байланысты тамақтану нормалары сақталмайды.

Балаларға ашытылған сүт өнімдері (оның ішінде сүзбе), көкөністер толық берілмейді, екінші таңғы ас тоқтатылды.

Мектепке дейінгі ұйымдардың директорлары азық-түліктің белгіленген бағасының дәлізіне сәйкес келмейтініне алаңдайды, бұл перспективтік мәзірдің сәйкес келмеуіне әкеледі.

Осыған байланысты ата-ана жарналарын көбейту туралы қажеттілік мына негізде туындайды:

ҚР Білім Министрлігінің 31.08.2022 жылғы № 385 "Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 17-тармағы ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлем мөлшері:

1) коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда және орналастырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы бар жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушінің жасына қарамастан тамақтануға жұмсалатын шығындардың 100 пайызын құрайды