"Сәнқойлар мен сәнгерлер" сайысы
Халыкаралык сұлулық күніне арналған «Сәнқойлар мен сәнгерлер»
шоу байқауына «Алпамыс» балабақшасынан «Айшуақ» тобының тәрбиеленушісі Тілек Әмір Қуандықұлы қатысып, «Көрермен көзайымы» номинациясын жеңіп алды. Бұл байқауда Әмір өзін ерекше таныстырып, дефиледе "Аспан мен бұлт" киімімен сән көрсетсе, өнер бөлімінде "Анам деп ән саламын" әнін шырқап берді. Байқауға қатысуға атсалысып, өнерлі де алғыр бала тәрбиелеген ата-анасына алғыс білдіреміз!