ҚҰРМЕТТІ АСХАТ ҚАНАТҰЛЫ!
Оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің Алғыс хатыңызға үлкен ризашылығымды білдіремін. Біздің еңбегімізді ескеріп , бізге жігер, күш бергеніңізге рахмет айтамын!
Өткен оқу жылы біз үшін ерекше және жаңа бағытта болды.
Жас тәрбиеленушілерімізге жаңа бағытта тәлім-тәрбие беру, оқу қызметін жүргізу біз үшін қызықтыда, тартымды өтті.
Сіздің көрсеткен бағыт-бағдарыңыз ,қолдауыңыздың көмегімен біз қанаттанып, жаңашылдыққа қол жеткіздік.
Сіздей көшбасшымыз бар жас ұрпақ саналы, сауатты болып өсетініне біз сенеміз!
Осы оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймын!
Сізге, жақындарыңызға зор денсаулық , еңбегіңізге шығармашылық табыс тілеймін!
Ізгі ниетпен, Балқаш қаласы, «Алпамыс » бөбекжайының тәрбиешісі Акканова Айтолқын Құрметовна.