Размер шрифта:
"Жас ұрпақтың денсаулығы" атты спорттық сайыс өтті
08-12-2020 14:23

"Мәңгілік ел" идеясын жүзеге асыру бойынша біздің балабақшада "Жас ұрпақтың денсаулығы" атты спорттық сайыс өтті. Сайысқа мектепалды даярлық тобының тәрбиленушілері қатысты.  Шараға «Гүлдер» тобының бүлдіршіндері ат салысты. Сергіту жаттығуларын жасап, дене қыздырып алған балалар сайысқа кірісіп кетті. Сайыстың алғашқы тапсырмасына сәйкес, балалар екі қатарға тұрып, еңбектеп әрі жалаушыны құлатпай кедергілерден өтті. Екіншісінде шарды түсіне қарай салудан жарысты. Үшінші тапсырмада тәрбиеші паровоз, балақайлар вагон рөлін ойнады. Төртіншіде асық жинаудан жарысты. Додада қай топ тәрбиеленушісі көбірек салса, сол жеңімпаз саналды. Ойын балаларға қызық өтті.