ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.08.2022 ж. № 385 бұйрығының 7-т. сәйкес, бір жастағы балалар қағидаты бойынша жас топтарының толықтырылымы төмендегідей белгіленеді:
- ересек топ (4 жастағы балалар) – 25 баладан аспайды;
- мектепалды даярлық тобы, мектептің (лицейдің, гимназияның) мектепалды даярлық сыныбы (5 жастағы балалар) – 25 баладан аспайды.
Сонымен қатар, ҚР «Білім туралы» Заңының 3-б., 3-т., 1) тарм. сәйкес, білім беру саласындағы заңнаманың негізгі қағидаттарының бірі – баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі.
Бұл жағдайда мектепалды даярлық тобына белгіленген тәртіппен 25 тәрбиеленуші қабылданған.
Осыған байланысты мектепке дейінгі білім беру ұйымы қабылданған балалардың ата-аналарына орын беруден бас тартуға немесе басқа баланы, оның ішінде ПМПК ұсынымдары бар баланы қабылдау үшін топтағы тәрбиеленушілердің бірін шығарып, орын босатуға құқылы емес.
Басшы басқа баланы қабылдау мақсатында бұрын қабылданған тәрбиеленушіні өз бетінше топтан шығаруға немесе басқа топқа ауыстыруға құқылы емес.
Білім беру процесін ұйымдастыру балалардың жас ерекшеліктерін, ПМПК ұсынымдарын ескере отырып, сондай-ақ ҚР заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, ҚР Оқу-ағарту министрінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» 03.08.2022 ж. № 348 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы топтарды жасақтау ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен, ҚР Білім және ғылым министрінің 19.06.2020 ж. № 254 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылды.
Осылайша, тәрбиеленушілер белгіленген қағидаларға сәйкес және топтардың нормативтік толықтырылымы ескеріле отырып қабылданды. Бұл ретте балаға қатысты ПМПК ұсынымдарының болуы белгіленген тәртіппен бұрын қабылданған басқа тәрбиеленушіні топтан шығару үшін негіз бола алмайды.