Тамақтан улану – бұл асқазан-ішек жолдарына тамақпен немесе сусындармен бірге зиянды бактериялардың түсуінен ішкі органдардың жұмысының бұзылуы. Құрамында агрессиялы химиялық заттары бар немесе бактериялары бар тамақты ішкеннен кейін, токсиндер қан құрамына ақырын сіңіп, улану тудырады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырғанда, тамақтануын ұйымдастырушы заңды және жеке тұлғалар балаларды қауіпсіз тағамдармен қамтамасыз етуге міндетті: - тиым салынатын тағамдарды қолдануға жол берілмейді; - тамақтану ережелерін қатаң сақтаған жөн; - шикі және пісірілген азық-түлікті бір-бірімен араластыруға болмайды; Өйткені, дұрыс пісірілген тамақ шикі тамақпен қосылу арқылы ластануы мүмкін. - қолды жиі жуу өте маңызды; - әрбір тамақ бөлшегін, ұсақ ұнтақтары мен кір дақтарды микробтардың орналасқан орны деп қарау қажет; - ыдыс сүртетін орамалдар күн сайын залалсыздандырылып, ауыстырылуы қажет; - еден жуатын шүберектерді де жиі жуып отыру керек;
Тамақтан улану