Размер шрифта:
Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік символы
04-06-2018 10:57
Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік символы

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы түсініктерін нығайту, балаларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында, 4 маусымда "Ақбота" балабақшасында "Шұғыла" ересек тобының тәрбиеленушілерімен "Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік символы" атты мерекелік іс-шара өтті. Балалар ҚР ән ұран орындап, тақпақ айтып, ән орындады. Тәрбиеші Г.Сейдуалиева балаларға рәміздер туралы түсінік берді.