Тақырыбы: «Мектепке дейінгі мекемелерде жаңартылған мазмұнының аясында табысты түлектің құзіреттілігін қалыптастыру» атты іс- шараға қала балабақшаларынан әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.
Бағдарлама бойынша ұйымдастырылған іс әрекетінде кішкентайлар тобында сөйлеуді, ұсақ саусақ бұлшық еттерін дамыту, орта, ересек және мектепалды даярлық топтарының оқу процесінде жас балалардың әлеументтік дағдыларын қалыптастыруды ойын түрінде көрсетті. Қала балабақшаларының әдіскерлері өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын білдірді.