Бүгін «Ақбота» бөбекжайында жылдық жоспар бойынша ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті. Іс- шараға 15 ата-ана қатысып, бөбекжайдағы балалардың тыныс тіршілігімен танысты. Бағдарлама бойынша кішкентайлар тобында ұсақ саусақ бұлшық еттерін дамыту жаттығуларын көріп, ортаңғы топтарда тіл дамыту, ересек топтарда математика, мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған оқу қызметін ойын түрінде ал спорт залында қазақ халық ойындарын: асық ату, ханталапай интелектуалдық ойындарын тамашалады.Сондай- ақ ата аналар логопед, психолог мамандарының балалармен жұмыс кезін көріп сұрақтар қойып, жауап алды. Іс шара соңында қонақтар педагогтардың, балалардың шығармашылығымен көрме арқылы танысып, шағын концертті тамашалап бөбекжай ұжымына алғыстарын білдіріп қайтты.
Бөбекжайға саяхат