Президенттің жолдауын «Ақбота» бөбекжайының директоры Жакишева Кулпаш Билановна ұжымда талқылады. Жакишева К.Б өз сөзінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек деді. Президент балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет екенін айтты. Және де Кәсіподақ төрайымы Досмагулова Гульнара Сембековна Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Отандық білім беру жүйесінің үздік үрдісін сақтай отырып, бір орында тұрып қалмай, әрдайым даму жолында болу керектігін атап өтті. Президенттің айтуынша, бәсекеге қабілетті балаларды қалыптастыруда басты үміт тәрбиешіге артылады. Педагогтардың, әлбетте ата-аналардың да міндеті – еліміз үшін лайықты азаматтарды тәрбиелеу.Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет», - деген мына мәлімдемесіне өзінің оң көзқарасын білдірді.
Балабақша тәрбиенің бастауы