Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
![Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!](/media/img/blogs/5ab0f463042a4.jpg)
Құрметті ата – аналар, әріптестер, бүлдіршіндер!
Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз - Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз. Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
Ізгі тілекпен: "Ақбота" балабақша ұжымы