"Ана - тіршіліктің тірегі" атты мерекелік ертеңгілік
2022 жылдың 02-05 наурыз аралығында "Ақбота" бөбекжайында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай "Ана - тіршіліктің тірегі" атты мерекелік ертеңгілік өтті.
Мақсаты: Балаларға анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Мерекелік көңіл-күй орнату, шығармашылық ой-қиялдарын дамуына ықпал ету.
Ертеңгілік барысында тәрбиеленушілер өлең, тақпақ айтып, би билеп көңіл көтерді.