іті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) - әлемдегі тұмауды біріктіретін аурулардың ең кең тараған тобы тұмау, парагрипп, респиреспираторлық-синцитиалдық инфекция, риновирусты және аденовирусты инфекция, басқа жоғарғы тыныс алу жолдарының талаурамалы қабынбалары. Даму үдерісінде вирустық ауру бактериялық инфекцияға асқынуы мүмкін.
ЖРВИ- бұл төрт ортақ белгілерді біріктіретін аурулар тобы.
- Олардың барлығы жұқпалы болып табылады. Олардың вирусын тудырады;
- Ауру қоздырғыштары ағзаға ауа-тамшы жолдарымен – тыныс алу ағзалары арқылы келеді;
- ЖРВИ кезінде бірінші кезекте тыныс алу ағзалары зардап шегеді. Ауруды тегіннен респираторлық, яғни «тыныс алуға қатысты» деп атаған жоқ;
- ЖРВИ тез таралады және көпке созылмайды. Қоздырғыштар жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде ауа арқылы науқас адаммен байланыс жасаған кезде жұғады.
ЖРВИ кезінде не болады?
Вирустар мен бактериялар тыныс алу жолдарына түседі, шырышты қабыққа түсіп, зиянды заттар уыттар бөліп шығарады, сосын олар қан арқылы барлық ағзаға таралады. ЖРВИ-мен балалар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар жиі ауырады. Иммунитет ауырғаннан кейін тұрақты емес, сондықтан әр адам жыл сайын 3-4 және одан да көп ауруы мүмкін.
ЖРВИ әдетте жіті, күтпеген жерден басталады. Жұқтыру мен ауру арасында орташа алғанда шамамен 2 күн өтеді. Ауырар алдында адамды мыналар мазалау мүмкін: шаршау сезімі, әлсіздік, ашуланшақтық. Бұдан әрі бұл белгілер көбейеді, бас ауырады, қатты әлсіздік, бұлшық еттер сырқырайды, дене қызуы жоғарлауы мүмкін, терлегіш болады. Тұмау, тамақтың ауруы, жөтел пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда тыныс алу жолдарының зақымдануымен конъюнктивит-көздің зақымдану белгілері болуы мүмкін.
ЖРВИ немен қауіпті?
қатты ауырғандар және қатты асқынулар бойынша емдеуге жатқызуға мұқтаж.
Диагностика және емдеу.
ЖРВИ диагнозын терапевт қараған және науқастан сұраған кезде қояды. Сонымен бірге дәрігер несеп пен қан талдауын тағайындауы мүмкін.
ЖРВИ емдеу әдетте дәрігердің бақылауымен үй жағдайында жүргізіледі. Пациентті ауруханаға тек аса ауыр жағдаятта немесе шиеленген жағдайда жібереді.
Науқас міндетті түрде төсек тартып жатуды қадағалауы және барынша сұйық зат ішуі керек, жылы шай мен морс ішкені жақсы. Дене қызуы жоғары болғанда қызу басатын дәрі-дәрмектерді, қажеттілігіне қарай тұмауға қарсы дәрілерді немесе жөтелге қарсы препараттарды қолдануы керек.
ЖРВИ кезінде тыныс алу гимнастикасы мен дәрумендер терапиясы жақсы әсер етеді. ЖРВИ кезінде антибиотиктер тиімді емес, сондықтан олар бактериялық инфекция немесе асқыну кезінде тек дәрігердің тағайындауымен қабылданады.
ЖРВИ мен тұмауды алдын алу:
Тұмауды алдын алудың 3 түрі бары белгілі:
Екпелік алдын алу – тұмауды бақылаудың басты амалы.
Екпе - кез келген тұмау эпидемиясы кезінде ең сенімді қорғаныс болып табылады. Екпе нәтижесінде пайда болған иммунитет аурудан сенімді қорғайды. Көптеген маңызды инфекция, атап айтқанда полиомиелит, дифтерия, қызылша жаппай екпе нәтижесінде толық жойылады. Маусымдық тұмауға қарсы жыл сайынғы екпе барлық жастағы топтарда ауру мен өлім-жітімді барынша азайтады. Осы мақсаттар А/Н1N1/2009 тұмау індеті даму кезеңінде қазір де көзделген.
Екпе мақсаты – инфекция ретінде тұмауды толық жою емес, тұмаудан өлім-жітімді және ауруларды, әсіресе оның асқынуларын, жүрек-қантамырлық, өкпе ауруларының, басқа да созылмалы патологиялардың асқынуын азайту. ДСҰ жыл сайын қатерлі топтарға тұмауға қарсы егуді ұсында: 65 жастан жоғары (созылмалы патология болған жағдайда –кез келген жаста), 6 айдан бастап 15 жасқа дейінгі балалар, медицина қызметкерлері және басқа да көптеген өндірістік байланыстағы адамдар.
Қауіп-қатердің ерекше тобы, яғни бөлек қарастыратындарды жүкті әйелдер, әсіресе екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдер құрайды. Қазіргі замандағы жағдаятқа жасалған – дені сау жүкті әйелдердің көп бөлігі тұмау қатты ауырғандар және қатты асқынулар бойынша емдеуге жатқызуға мұқтаж.
Қазіргі таңда тіркелген жүкті әйелдер арасында А/Н1N1/2009 тұмаудан болған аурудың өліммен аяқталған жағдайы шамамен 5% расталды. Және де негізгі тұрғындардың ішінен жүкті әйелдер шамамен 1 пайызын құрайды. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Денсаулық сақтау министрлігі барлық жүкті әйелдерге екпе егуді, соның ішінде маусымдық тұмауға қарсы белсенділігі жойылған екпе егуді ұсынады.
Негізгі тұжырымдар:
Ақапарттандыру жолымен алдын алу. Жеке және қоғамдық гигиена ережесін қадағалау.
ЖРВИ, Н1N1/pdm2009 (ол ғана емес) тұмауы таралмау үшін алдын алу іс-шараларын қолдану қажет және де әр адамның қарапайым санитарлық-гигиеналық ережелерді қолдана отыра, аурудың және тұмаудың таралу қауібін азайта алады. Сондықтан әркім тап болатын жағдаяттарды қарастырайық және жағдаяттардың барлығына нақты қажетті алдын алу іс-шараларын тізіп шығайық.
Біріншіден:
Өзіңіздің ауырып қалмауыңыз және айналадағыларға жұқтырмау үшін не істеу керек:
Екіншіден:
Егер Сіз ауырып қалсаңыз, басқа адамдармен байланысты барынша азайту және емдеу бойынша нұсқау алу үшін шұғыл дәрігерді үйге шақырыңыз. Жеке күнделікті гигиена шараларын ескере отыра және науқастанған күннен бастап 7 күн ішінде үйде қалыңыз.
Егер Сіз бәрібір ауырып қалсаңыз, онда: