"Бір тал кессең, он тал ек!" акциясы
“Бір тал кессең, он тал ек ” қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу−маңызды істердің бірі. Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат− анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру парыз. Егілген ағаштың, әуе алабына тигізер пайдасы зор. Жасыл желектің әсерінен ауа тазарып, қолайлы микроклимат қалыптасадыжәне шу деңгейі төмендейді.
Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесімізді тигізу үшін, қаламызды көгалдандыру мақсатында «Ақбота» бөбекжайының педагогтары мен ата – аналары өз үлестерін қосты.
Табиғат көркі−ағаш, демекші осындай игі шараларға ел болып, көтеріңкі көңіл күймен атсалысайық!