Ата - аналарға кеңес: "Баланы жазда күн өтіп кетуінен және ыстықтан қалай қорғау керек?"
07-07-2021 11:07
Ата - аналарға кеңес:

Жаз мезгілі балаларға күнге күйіп, суға шомылуға мүмкіндік беріп қана қоймай, оларға көптеген қауіптер де төндіруі мүмкін. Бұл көптеген факторлармен байланысты. Жазда балалар  лагерге, ата-апасының жанына ауылдық аймақтарға жіберіледі, олар әлбетте суға шомылғысы келеді, сонымен қатар күннің ыстығы, жәндіктер мен тез бұзылатын тағамдар - осының барлығы балалар үшін түрлі қауіптер әкеледі.

Ата-аналарға балаларына өте мұқият болу қажет, өйткені демалыс орындарында түрлі қауіптер төнуі мүмкін.

Жазғы демалыс кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелері балаларды қорғауға мүмкіндік береді.

Күнге күю және ыстық өтіп кету

  • Далаға шығар алдында баланың басына міндетті түрде бас киімін кигізіңіз.
  • 6 айдан асқан балаларға кемінде 15 бірліктік қорғаныс факторы бар күннен қорғайтын крем жағып қою қажет.
  • Күн бұлтты болса да, қорғаныс кремді дененің ашық жерлеріне әр сағат сайын, сондай-ақ шомылғаннан кейін де жағып тұру қажет.
  • Сағат 10.00-ден бастап 15.00-ге дейін ультракүлгін сәулелердің үдеп тұрған кезінде мүлдем күнге күймеген жөн.
  • Ашық күн астында 30 минуттан аса жүруге болмайды.
  • Бала мерзімімен көлеңкеде салқындап алуы қажет – қолшатыр, қалқа немесе ағаш астында.
  • Балаға жеңіл мақта-маталы киім кигізіңіз.
  • Күн ыстықта балалар көп су ішуі қажет.