Ата - аналарға кеңес: "Баланы жазда күн өтіп кетуінен және ыстықтан қалай қорғау керек?"
Жаз мезгілі балаларға күнге күйіп, суға шомылуға мүмкіндік беріп қана қоймай, оларға көптеген қауіптер де төндіруі мүмкін. Бұл көптеген факторлармен байланысты. Жазда балалар лагерге, ата-апасының жанына ауылдық аймақтарға жіберіледі, олар әлбетте суға шомылғысы келеді, сонымен қатар күннің ыстығы, жәндіктер мен тез бұзылатын тағамдар - осының барлығы балалар үшін түрлі қауіптер әкеледі.
Ата-аналарға балаларына өте мұқият болу қажет, өйткені демалыс орындарында түрлі қауіптер төнуі мүмкін.
Жазғы демалыс кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелері балаларды қорғауға мүмкіндік береді.
Күнге күю және ыстық өтіп кету
- Далаға шығар алдында баланың басына міндетті түрде бас киімін кигізіңіз.
- 6 айдан асқан балаларға кемінде 15 бірліктік қорғаныс факторы бар күннен қорғайтын крем жағып қою қажет.
- Күн бұлтты болса да, қорғаныс кремді дененің ашық жерлеріне әр сағат сайын, сондай-ақ шомылғаннан кейін де жағып тұру қажет.
- Сағат 10.00-ден бастап 15.00-ге дейін ультракүлгін сәулелердің үдеп тұрған кезінде мүлдем күнге күймеген жөн.
- Ашық күн астында 30 минуттан аса жүруге болмайды.
- Бала мерзімімен көлеңкеде салқындап алуы қажет – қолшатыр, қалқа немесе ағаш астында.
- Балаға жеңіл мақта-маталы киім кигізіңіз.
- Күн ыстықта балалар көп су ішуі қажет.