Қарағанды облысының оқу - әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Балалар спорт әлемінде» атты бүгінгі дене шынгықтыру - сауықтыру сауаттылығы апталығында, Балқаш қаласының «Ақбота» бөбекжайының балалары «Орманға саяхат» бойынша тыныс алу гимнастикасының элементтері бар таңертеңгі гимнастика жасады. Тәрбиешілер балабақша аумағында балалармен «Айгөлек», «Оқтау тартыс», «Алысқа лақтыр» т.б серуенге арналған ойындар жүргізді. «Түзету гимнастикасы: жалпақ табандылық және қалыптың бұзылуы» бойынша балалармен жаттығулар жасалынып, ата-аналарға кері байланыс ретінде ақпарат берілді. «Балбөбек» ортаңғы топ тәрбиеленушілермен «Біз біргеміз» атты спорт турнирі өтті. Спорт залында дене шынықтыру нұсқаушысы Ә.Темір, мектепке дейінгі ұйымның педагогтерімен денсаулық сақтау нысаны ретінде фитнес жүргізді. «Дәстүр» мектепалды даярлық топта «Көңілді дене тәрбиесі» атты бір күндік жоба өтті.
“Балалар спорт әлемінде”