«Арайлы, алтын күз»
Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру, өнімдерімен таныстыру, мерекелік көңіл– күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс- әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру, шығармашылық ой- қиялдарының дамуына ықпал ету, ата- аналар қауымымен тығыз қарым– қатынас қалыптастыру мақсатында «Ақбота» балабақшасында 22-25қазан айының аралығында «Арайлы, алтын күз» атты музыкалық ертеңгіліктер өтті. Ертеңгіліктерде балалар күз туралы әндер, тақпартар айтып, би билеп, қойылымдар қойды. Әр түрлі кейіпкерлер ертеңгілікке қатысып, ойын ойнатып, балалардың көңілдерін көтерді. Ата-аналар да күз мерекесіне ат салысып, жеміс-жидектерден түрлі тағамдар жасап әкелді. Ертеңгіліктер өте қызықты әрі көңілді өтті.