«Намыс дода» атты спорттық-эстафеталық сайыс
Дата: 2018-06-14 09:48:53
Маусым айының 12-сі күні балдырғандарға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Намыс дода» спорттық-эстафеталық сайысы өткізілді. Сайысқа «Тұлпар» және «Сұңқар» тобынан 15 баладан қатысты. екі топтың арасында өткізілді. Сайыс жекелей және командалық кезеңдерді құрады. Жекелей сында түрлі кедергілерден өтіп, үздік уақыт көрсеткішін көрсеткен балдырғандарымыз жоғары нәтижеге қол жеткізді. Әділқазылардың әділ бағалауының арқасында «Тұлпар» тобы 39/36 есебімен жеңіске жетіп, марапатталды.