«Ұлы Абай ізімен» атты сөз шеберлері байқауы
Дата: 2018-05-02 08:53:38
![«Ұлы Абай ізімен» атты сөз шеберлері байқауы](/media/img/blog/5ae928062b420.jpg)
27 сәуірде қаламыздағы № 9орта мектепте Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қалалық дәстүрлі Абай оқуы болып өтті. Жыл сайын өтетін бұл сайысқа лицейімізден 3 оқушы қатысты.
«Ұлы Абай ізімен» атты сөз шеберлері байқауында бақ сынаған 6 Б сынып оқушысы Сәбит Сырым ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін мәнерлеп оқыған Сырымның келешекте бұдан да үлкен табыстарға жететініне сеніміміз мол.