Размер шрифта:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ БИІК» атты лицейішілік мәнерлеп оқу сайысы жөніндегі өткізілген ақпары

Дата: 2016-12-02 15:34:27
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ  25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ БИІК»  атты лицейішілік мәнерлеп оқу сайысы жөніндегі өткізілген   ақпары

Желтоқсан айының 1 жұлдызында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай лицейішілік бастауыш сынып оқушылар арасында   «Тәуелсіз елдің тұғыры биік» атты  мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты бойынша оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой -мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау.  Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу көзделді.

Сайысқа 26 оқушы  қатысты. Байқаудың бағалау шарты бойынша қатысушыларымызға төмендегідей талаптар қойылды:

1.  «Тәуелсіздік елдің тұғыры биік»  атты манерлеп оқу түріндегі шығармасының  орындалуы;

2. Бір оқылымның регламенті 3 минуттан аспауы;

3. Өлеңнің тақырыбы айқын болуы;

4. Өлеңді мәнерлеп жатқа оқу шеберліктері;

5. Өлең оқыған оқушының сахнадағы мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар аударуы;

6.  Қатысушылардың өнері 5ұпай және 2 ұпай аралығында -балдық жүйемен бағалануы міндетке қойылды.

Байқау барысында қатысушыларымыз өз елі, өз жері, өз Отаны туралы өлеңдерді оқуда өз шеберліктерін көрсетті.

Сонымен қатар, сайыскерлеріміздің өнерімен қоса көрермендер назарына «Тәуелсіздік шежіресі» атты бейнефильм  көрсетілді.  Және де әділқазылар алқасы мәнерлеп оқу сайысының шешімін шығарғанша  «Қазақстан туралы не білесің?»  атты викториналық сұрақтар қойылды.  Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысты. Сайыс қорытындылана келе,  қатысушылар әр сынып бойынша марапатқа ие болды.

Мәнерлеп оқу сайысының бас жүлде иегерлері:2 Б сынып оқушысы Кумарбекова Наргиз, 3А сынып оқушысы Әбілқайырқызы Камила, 3В сынып оқушысы Сәнеке Аружан, 4А сынып оқушысы Жамаш Айкүнім, 4Ә сынып оқушысы Жайлаубай Дильназ.

І орын иегерлері:2А сынып оқушысы Амантаев Әлішер, 2Ә сынып оқушысы Хапан Әмина , 3 А сынып оқушысы Көптлеу Инара, 3Б сынып оқушысы Еримбетова Аяулым, 4А сынып оқушысы  Абдерхан Нұрарна, 4Ә сынып оқушысы Абеуов Аббас, 4Б сынып оқушысы Мейрамқызы Зарема

ІІ орын иегерлері:2 А сынып оқушысы Исмагулова Амина, 3Ә сынып оқушысы Кәріпбай Әліазиз, 4В сынып оқушысы Турганова Айжан.

ІІІ орын иегерлері:3В сынып оқушысы Алшымбек Ақнұр, 3Г сынып оқушысы Берикболова Аяжан иеленді.

Қалған қатысушыларымыз  номинация түрлеріне  ие болды.