«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар ақпары
Қараша айының 30-і күні лицейдің 9 сынып оқушыларымен «Тәуелсіз ел ғалымдары» атты дөңгелек үстел формасында
пікірталас, әңгімеөтті. Іс-шара әнұранмен ашылды. Бұл сыныптан тыс іс-шараның мақсаты қазақ елінің тарихының, ғылымының өркендеуіне үлес қосқан ғалымдар, тәуелсіз Қазақстанның елеулі оқиғалары жайлы білу, ой бөлісу.
Өткізілген іс-шара аясында оқушылар қазақ халқының ағартушы ғалымдары, ғылымның, білімнің, технологияның дамуына, Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына елеулі үлес қосқанғалымдар жайлы пікірлесті, Нобель сыйлығымен марапатталған тұңғыш қазақ-Достай Раманқұлов жайлы ақпаратпен бөлісті.
«ЕХРО – 2017» көрмесінің мақсаты, міндеттері туралы ой қозғалды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Жаңа химиялық технология мен материалдар ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары қалдық материалдарды кәдеге жарату мақсатында көмірсутек пен түрлі жанғыш синтетикалық сұйықтықтар алуға болатынынойлап тапқандығы жайлы мәліметтер айтылды.