Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетімен мектеп-лицейіміздің келісім-шарт аясында және кәсіптік бағдар беру мақсатында 2024 жылдың 12 желтоқсанында ҚарУ –нің биология – география, математика және ақпараттық технологиялар, физика-техникалы
Дата: 2024-12-14 10:31:56
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетімен мектеп-лицейіміздің келісім-шарт аясында және кәсіптік бағдар беру мақсатында 2024 жылдың 12 желтоқсанында ҚарУ –нің биология – география, математика және ақпараттық технологиялар, физика-техникалық және химия факультеттерінің бірлесуімен Ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне 11 сыныптың ҚарУ-не түсемін деп жоспарлап отырған және аталған факультеттер бойынша бейім пәндерді таңдап отырған 11 түлегіміз және 3 педагог (Шармуханбетова Ж.А. – директордың БІЖО, 11 сынып жетекшілер: Ашимкулова А.К., Калиева С.М) қатысып қайтты. Ашық есік күнінің мақсаты – түлектерге университеттің оқу бағдарламаларымен, инфрақұрылымымен және болашақ талапкерлерге жалпы білім ордасындағы білім алу артықшылықтары мен ұсынылатын мүмкіндіктері туралы толық мәлімет беру.
Түлектерімізге әр факультеттің кәсіби бағдар бойынша жауапты мамандары, аталған факультеттердің жоғары санатты педагогтары: Кудусов А.С. – физика және нанотехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Танин А.О. – математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, PhD докторанты, Мұратхан Р – математика және информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторанты, Шайбек А.Ж. – зоология кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессоры , PhD докторанты, Тыржанова С.С. – зоология кафедрасының деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, аға оқытушысы және университеттің магистранттары мен студенттері түсіндірме жұмыстарын жоғары дәрежеде жүргізді.
Ашық есік күні барысында әр факультеттің шығармашылық жұмысымен, лабораториялық сынып бөлмелерімен, университет базасында ашылған жаңа кабинеттермен (Биология ғылымдарының кандидаты, доцент Әубәкіров Төлеухан Ысқақұлы атындағы табиғат мұражайы, кітапханалар, молекулалық нанофотоника институты, инженерлік жылу физикасы, көлік және логистикалық жүйелер бөлмелері, «Робототехника» оқу зертханасы, «Компьютерлік графика және модельдеу» оқу лабораториясы, электронды ресурс залы, физика мұғалімінің сынып бөлмесі т.б.), лабораториялық жұмыстарды педагогтармен, студенттермен бірге жасай отырып, әр мамандықтар бойынша практикалық жұмыстармен танысты.