Размер шрифта:

«Абай- руханияттың алтын қазығы» жобасы және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы қарсаңында «Абайды білмек парыз» атты 9-сыныптар арасында ғылыми-практикалық конференция өтті.

Дата: 2024-11-23 22:20:21

Абай жобасының мақсаты: Лицей шәкірттерінің ой санасына ұлттық рух пен таным, Абай әлемін тану арқылы табысты тұлға қалыптастыру. Ұрпақ тәрбиесінде рухани міндетімізге айналған адам болмысын қалыптастырушы идеологиялық танымды «Толық адам» іліміне сатылай жеткізе білу;
Конференцияда 9Ә сынып оқушылары Серикова Аружан және Садық Аруна ақын өлеңдері мен еңбектерін ғылыми тұрғыда зерделеп, Абайтанушы ғалымдар туралы зерттеу жұмысын қорғаса, 9В сынып оқушысы Амангелді Қарақат өз заманында дара дарын иесі атанған ақынның композиторлық шеберлігі туралы айта келіп, «Торжорға» мен «Май түні» күйлерінің шығу тарихына тоқталып, қызықты деректермен бөлісті. Конференция нәтижесінде оқушылар І - ІІ орындармен марапатталды. 
Оқушылар конференция барысында ғылыми мақаланы ережеге сай рәсімдеуді үйреніп, Абай атамызды өз заманындағы іскерліктің ұйытқысы, еңбекқорлықтың мотиваторы екендігіне көз жеткізді. Ақынның қоғамдық сана, білім мен өнеге туралы  ой-тұжырымдары ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпайтындығы анық.