19.11 күні мектепалды даярлық тобы апталығы аясында 0"А"тобында Көркем әдебиет негіздері саласы бойынша "Мысық,әтеш,түлкі" тақырыбынан ашық сабақ өтті.
"Абай атындағы №2 мектеп лицейі"КММ де 19.11 күні мектепалды даярлық тобы апталығы аясында 0"А"тобында Көркем әдебиет негіздері саласы бойынша "Мысық,әтеш,түлкі" тақырыбынан ашық сабақ өтті.Көркем әдебиет ұйымдастырылған іс әрекеті барысында балалар ертегіні кезең кезеңмен мазмұндап , "Сиқырлы есіктер"ойыны арқылы ертегі эпизодтарын тауып,әңгімеледі. Сергіту сәтінде"Көңілді қарындаштар" ритмикалық жаттығуы орындалды.Таратпа материалмен мысықтың орманға баратын жолын сызды.Мысық,әтеш, түлкі кейіпкерлері "Қай дыбыстан басталады?"ойынында сөздің алғашқы дыбысын анықтап жарысты,соңында балалар графикалық диктант жазып Мысық пен әтештің үйін салып бояды. Сабаққа ЖББ 9 мектептің мұғалімдері және ДОІЖО Жаксыгелдина Ш.Т.қатысып,кері байланыс берді.