Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында 8 қараша “Сапалы ұйқы:балалардың дамуы мен денсаулығының іргетасы” тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Дата: 2024-11-12 16:54:58
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында 8 қараша “Сапалы ұйқы:балалардың дамуы мен денсаулығының іргетасы” тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинар-тренингте мектеп медбикесі Т.Б.Қасымжанова ата-аналарға ұйқының пайдасы мен зиянын айтып өтті.
Мектеп психологы Д.М.Саметова қонақтарға релаксация жасатып, ата-аналардың жеңілдеп қалуына септігін тигізді.
Сапалы ұйқы баланың оңтайлы өсуі мен дамуын, денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің маңызды шарты екенін ұғындыра білген бастауыш сынып мұғалімдері М.Ж.Абдыкарина, М.Қ.Казбаева ата -аналармен көптеген пайдалы ақпараттармен бөлісті.Ата аналар топпен, жұппен ойын арқылы өз ойларын ортаға сала білді.
Шара соңында ата -аналар кері байланыс беріп, көтеріңкі көңіл күймен тарасты.