21 – 25 қазан аралығында жаңадан келген оқушылардың мектепке жеңіл бейімделуін қамтамассыз ету мақсатында педагог- психолог Д.М.Саметова «Өзіңді мақта» тақырыбында тренингтік сабақ өткізді.
Дата: 2024-11-04 23:06:50
Үш ай жазғы демалыстан кейін оқу процесіне күн тәртібіне бейімделу әр оқушыға айтарлықтай қиындық туғызады. Жаңадан келген оқушыларға одан екі есе қиынырақ - жаңа мектеп, жаңа мұғалім, жаңа орта.
Осы орайда мектеп психологының міндеті, әр баланың жанына терең үңіліп, зер салып, жан-дүниесін зерттей келе, түзету - дамыту жұмыстарын дер кезінде жүргізу.
21 – 25 қазан аралығында жаңадан келген оқушылардың мектепке жеңіл бейімделуін қамтамассыз ету мақсатында педагог- психолог Д.М.Саметова «Өзіңді мақта» тақырыбында тренингтік сабақ өткізді. Тренингке сабаққа барлығы 213 оқушы (2-3 сыныптар) қатысты.