7ә сыныбында "Туған жер- бақыт ордасы" атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Дата: 2024-10-15 17:31:20
7ә сыныбында

Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Абай атындағы №2 мектеп-лицейі"  КММ-нің 7ә сыныбында "Туған жер- бақыт ордасы" атты ашық тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі: Балтабай Ақерке Сәтімбекқызы.  Тәрбие сағатында оқушылар топқа бөлініп шығармашылық жұмыс жасады. Бір топ туған қаламыз Балқаштың көрікті жерлерін, келесі бір  топ экологиясы туралы ой қозғаса. Ал бір топ жасанды интеллект арқылы туған қаласы Балқашқа ән жазды.  Сабақтың соңында жалпы оқушылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті артыру үшін, отаншылдық құндылықтың мәнің ұғындыру мақсатында сынып жетекші балалармен тренинг өткізді.