12 мамыр – Аналар күні
Дата: 2024-05-13 17:33:53
12 мамыр – Аналар күні.
Бұл күн - әлемнің жарығын сыйлаған, ұлтты ел, ұлды қорған, қызды еланасы етіп тәрбиелеген ұлы Аналарды еске алатын күн.
Бұл – түн ұйқысын төрт бөлген, соңғы тамшы суын саған беретін, сен үшін өмірін қиюға дайын өз Анаңды құттықтайтын күн. 6 сыныптағы тәрбие сағаты “Анам жайлы айтайын…”
Бұл – сенің ұрпағыңды өрбітіп, тамырыңды кеңге жайып, бәйтеректей көктетіп отырған өз әйеліңді, жеңгеңді, келініңді құттықтайтын күн.
Ана – шуақ, отбасыңның жылуы,
Ана – бұлақ, таусылмайтын бастауы,
Ана – құрақ, көгертетін еліңді.