8-сыныптар арасында “Анатомия мен физиология білгірлері” атты қалалық интеллектуалды сайыс өтті.
Дата: 2024-04-11 18:13:04
10.04 күні мектеп-лицейімізде “Ғылым және технология” жаратылыстану-ғылыми сауаттылық апталығы аясында биология пәнінен 8-сыныптар арасында “Анатомия мен физиология білгірлері” атты қалалық интеллектуалды сайыс өтті. Сайыс 4 кезеңді қамтыды.Әділқазылар алқасының мүшелері: Абай атындағы №2 мектеп- лицейінің ДОІЖО Жаксыгелдина Ш.Т., КАМИ №3 биология пәні мұғалімі Шынарбекова А.Н., Абай атындағы №2 мектеп- лицейінің биология пәні мұғалімі Коккозова Н.А. болды. “Таныстыру” кезеңінде қатысушылар топтың атымен, эмблемасымен таныстырып, ұрандарын айтты. “Кім білгір?” кезеңінде әр топ берілген Qr арқылы тапсырманы ашып, тест тапсырмаларын орындады. “Анықтама бюросы” кезеңінде Festisite арқылы жасалған мәтін арқылы адам ағзасын анықтады. “4сурет 1 сөз” кезеңінде берілген суреттерге ортақ анатомия мен физиологияға қатысты сөздерді тауып, өз ойларын жеткізе білді. Сайыс соңында биология пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр да білімді қала мектептерінен құралған топтар марапатталды.
1-орын: №9 жалпы білім беретін мектеп;
2-орын: Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп;
3-орын: №5 жалпы білім беретін мектеп;
Белсене қатысқаны үшін: №24 мектеп-интернаты. Сайысқа қатысушылар мектеп- лицейімізде жаратылыстану-ғылыми апталығы аясында ұйымдастырылған көрмені тамашалады.
Іс-шараны ұйымдастырушы: биология пәні мұғалімдері Коккозова Н.А., Наскенова Р.Н.