“Тәуелсіз елдің болашағы - зерделі ұрпақ” атты 9-11 сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау үшін салтанатты жиын өтті.
13.02.2024 ж. А.Ермеков атындағы мектеп – лицейде “Тәуелсіз елдің болашағы - зерделі ұрпақ” атты 9-11 сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау үшін салтанатты жиын өтті. Облыстың барлық аймағының жүлдегерлері қатысқан іс-шарада Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын тікелей құттықтау жолдады. Қаламыздың жүлдегерлерін марапаттау салтанатына Балқаш қаласының әкімінің орынбасары Саягуль Жаксылыковна, Балқаш қаласы білім бөлімінің басшысы Қ.Ш.Дүбірбекова қатысып, оқушыларды құттықтады. Облыстық олимпиададан биылғы жылы қаламыздың 21 оқушысы жүлдегер атанды, оның 4 алтын, 6 күміс және 11 қола иемденген еді. Абай атындағы №2 мектеп – лицейіміздің облыстық пәндік олимпиадаға 11 А сынып оқушылары Асқар Дарын география пәнінен, Естемес Диас ағылшын тілінен қатысып, биология пәнінен қатысқан 10 А сынып оқушысы Оспанова Ақерке 2 орын алды. Олимпиада дайындығы үздіксіз, жан – жақты, терең дайындықты талап етеді, осы орайда пән мұғалімдері – Коккозова Нургул Ашимовнаға, Жаксыгелдина Шамшат Тилековнаға, Пиримбетова Назира Калышбековнаға алғыс білдіреміз!!!