"Сен жанбасаң лапылдап..." тақырыбында ата- аналарды педагогикалық қолдау сабағы өткізілді.
Дата: 2024-02-08 15:11:17
2024 жылдың 3 ақпан күні 11- сынып оқушыларының ата-аналары үшін "Сен жанбасаң лапылдап..." тақырыбында ата- аналарды педагогикалық қолдау сабағы өткізілді. Мектеп-лицей психологы А.А.Төлетаева ата- аналарға балалары ҰБТ тапсырған кезде қандай қолдау көрсету керектігі бойынша ұсыныстар айтып, мамандықты дұрыс таңдауда қателеспеу, оқушының да қалауына қарау керектігі туралы айтып өтті.