«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтетін 20 минуттық кітап оқу уақыты
Дата: 2024-01-29 10:44:25
Кітап оқу - ми жаттығуы. Кітаппен достасқан адам ақылы толысып, парасатты бола түседі. Әрі өз ойын нақты, ашық айта алатын болады. Кітапты көп оқу ойлау жүйеміздің жақсаруына, қиялымыздың дамуына, сонымен қоса сөздік қорымыздың артуына өзіндік ықпал етеді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтетін 20 минуттық кітап оқу сағаты жалғасын табуда. 20 минуттық кітап оқу сағаты аясында 5 Г сынып білім алушылары Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесін оқып, кейіпкерлерін қағаз бетіне бейнелеген. Кітап оқудың адамзат баласына тигізетін пайдасы орасан зор. Кітап оқиық, жас достар!