«Үнемділік инноваторы» тақырыбында лэпбуктер байқауы өткізілді.
Дата: 2024-01-16 16:04:26
«Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет» жобасының жылдық жоспарына сәйкес су мен электр энергиясын үнемдеуге бағытталған 4-5 сыныптар арасында «Үнемділік инноваторы» тақырыбында лэпбуктер байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – білім алушылардың су, электр қуаты және үнемдеу туралы түсініктерін кеңейте отырып, үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Байқау нәтижесі бойынша жүлделі орын алған оқушылар:
1орын – 4 «Б» сыныбы Қажымұрат Аяулым (1-жұмыс), 4 «Б» сыныбы Қажымұрат Аяулым (2-жұмыс) , 4 «В» сыныбы Талғат Ұлағат, 5 «А» сыныбы Жунусбаева Жания, 5 «Ә» сыныбы Каримов Нариман, 5 «Г» сынып оқушылары, 5 «Г» сыныбы Мұрсал Балауса(1-жұмыс);
2 орын – 5 «Ә» Рысмағанбет Аяулым, 5 «Г» Мұрсал Балауса (2-жұмыс), 5 «Г» сыныбы Кукенов Абдулмансур;
3 орын – 5 «Ә» сыныбы Әбдірахан Назым, 5 «Б» Толепбердиева Арина, 5 «В» сыныбы Нұрғазы Диас;