«Тәуелсіздік тағылымы» кітап көрмесі
Тәуелсіздік - мемлекетіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі.Өткенін білмеген елдің келешегі болмас. Қаншама жылдар бойы жат елдің боданы болғанына қарамастан, тарихын өзгертпей, ерен ерлердің ерліктерін ұрпақтарына аманаттаған өткеннің жаршыларына да алғысымыз шексіз. Олар болмағанда, еліміздің артқа тастаған мыңжылдықтарының арғы жағы үңірейіп бос қалар еді. Сондықтан да халқын ойлап, қабағына боз қырау түнеткен бабамыздың өсиеті біздің елдігіміздің нышаны іспеттес. Біз бүгінде бақытты елміз. Тәуелсіздіктің тұмары аңқыған егемендігіміздің нышандары бар. Ертеңгі ұрпақ үлгі тұтар, елі үшін қызмет ететін азаматтарымыз, елінің тыныштығын күзеткен ержүрек жауынгерлеріміз бар. Қазақ деп аталатын бұл керуен ешқашан тоқтамасын. Себебі қазақ ұлы әрі байтақ! Тәуелсіздігімізді баянды ету, еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет ету - бәріміздің асыл борышымыз екендігі даусыз. Соған орай, мектеп-лицей фойесіне Тәуелсіздік тағылымын дәріптейтін «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесі қойылды.