«Балалық шақтың бесігі» атты тақырыбындағы сынып сағаты өтті.
Дата: 2023-11-30 15:22:22
«Абай атындағы №2 мектеп –лицейі» КММ-нің дәстүрлі дүйсенбідегі сынып сағаттары ұлттық құндылыққа негізделіп жүзеге асып жатады. 5 сынып оқушыларының бейімделу кезеңіндегі күрделі мәселелерінде – оқушының жаңа ортамен тығыз қарым-қатынаста болуына, әр жаңа пәннің күрделі талаптарына үйренуде, әлеуметтік-психологиялық тұрғыда өз тұлғасын таба білуде сынып сағатындағы тақырыптың да маңызы зор. Сынып жетекшісі Р.Н. Наскенқызы осы кезеңдегі оқушылардың бір-бірмен достық, мейірбандық, сыйластық қатынастарын нығайту мақсатындағы «Балалық шақтың бесігі» атты тақырыбындағы сынып сағатын оқушылардың бірлесе, ақылдаса, топпен жұмыс жасауына бағыттады.