«Қоғамдағы бала қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ата-ана мен Мектеп үшін баланың қауіпсіздік мәселесі басты назарда. Қалалық мектептердің барлығында бір уақытта бір тақырыппен Балқаш қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері «Қоғамдағы бала қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Полиция майоры, кезекші бөлімнің бастығы Қ.С. Құрманбеков мектеп-лицейіміздің 8-9-10-11 сынып оқушыларымен қоғамдағы өзекті мына тақырыптар бойынша пікір алмасты: - Жасөспірімдер арасындағы синтетикалық есірткілерді қолдануының алдын алу; - Тұрмыстық зорлық-зомбылықтағы аналардың, қыз балалардың зардабы; - Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00 –ден кейін компьютерлік клубта отыруға және 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруі жайлы; - Вандализм; - Буллинг, кибербуллинг және т.б. қоғамда етек алған теріс әрекеттер жайлы сұхбат жүргізіп, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, кері байланыс жүргізілді. Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау.