«5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді.
Дата: 2023-11-25 20:17:19
20 қараша күні 5 «В» сыныбы оқушыларының ата-аналарымен сынып жетекшісі Р.Н. Наскенова «5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыс барысында 5-сыныптың орта буынға бейімделуі жайлы толық мәлімет беріліп, 5-сыныпқа өткен баланың бойынан қандай өзгерістер болатыны, қандай қиындықтарға тап болатыны, пән санына қарай мұғалімдердің сан алуан болуы, талаптардың күшеюуі, жаңа қоғамдық орта талаптарына сай бола білуі және сол қиындықтарды жеңіл еңсеру үшін ата-аналар тарапынан қандай көмек, қолдау керектігі жайында кеңестер мен ұсыныстар айтылды.
Бұл бейімделу тақырыбы «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының «Позитивті ата-ана тәрбиесі» тақырыбындағы сабағымен жалғасты. Ата-ана мен мектеп педагогтарының баланы қоғамға бейімдеуде бұл тақырыптың маңызы ерекше. Позитивті ата-ана қалай боламыз, балаларымыздың осы қалыптасу кезеңіндегі: физикалық, зияткерлік, эмоционалдық, элеуметтік, психологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөліп, жеке тұлға болып дұрыс қалыптасуына әсер ету үшін өзіміздің сауаттылығымыз мен білімділігіміздің өте қажет екендігі жайлы мәселелр талқыланды.