Ата-аналарды педагогикалық қолдау
Дата: 2023-11-20 09:20:34
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің 10 және 11 сынып ата-аналарымен «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының «Сен жанбасаң лапылдап... Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында кездесу өтті.
Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың міндеттері:
1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
2) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
3) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.