Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
Дата: 2023-10-30 21:35:19
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі мен «Адамның үйлесімді дамуы» ұлттық институты ұсынған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметін жүзеге асыру мақсатында ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, Мектеп - Бала - Ата-ана үштік одағының іс-шаралары басталды.
Аталған орталықтың міндеті:
- балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
- балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
- балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.