"Әлем халықтарының асханасы" тақырыбында буклет, презентация, постерлер конкурсы өткізді.
Дата: 2023-10-21 09:38:54
18 қазан күні "Әсемдік-әлемі" эстетикалық сауаттылық апталығының мектеп ішілік жоспарына сәйкес көркем еңбек пәнінің мұғалімі Усенова Т.О. 7 сыныптар арасында "Әлем халықтарының асханасы" тақырыбында буклет, презентация, постерлер конкурсын өткізді.
Мақсаты: Әлем халықтарының ұлттық тағамдарының түрлерімен және жасалу технологияларымен таныстыру.
Әлем халықтарының ұлттық тағамдары бойынша ақпараттар зерттеп,жасалу технологиясына кеңінен тоқтала отырып,оқушылар әр халықтың тарихи ерекшеліктерін аша білді.Іс шара барысында оқушыларды кәсіби бейімділік бағыты да назарға алынды."БББ" әдісі бойынша кері байланыс жасалып,оқушы ойынан рефлексиясы тыңдалды.