"Сыйлықтық бұйымдар" тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Дата: 2023-10-21 07:58:22
20 қазан күні "Әсемдік әлемі" эстетикалық сауаттылық апталығында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Усенова Т.О. 8а сыныбында "Сыйлықтық бұйымдар" тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Мақсаты: шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз беттерінше жұмыс жасауға баулу, шеберлікке, әдемілікке, ісмерлікке және эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Оқушыларға әртүрлі материалдардан сыйлықтық бұйымдар жасау қызықты болды.