"Алтын сақа" математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
Дата: 2023-10-16 09:57:47
06.10 күні сағат 12.00- де 3-4 сыныптар арасында "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиадаға мектептен 75 оқушы қатысты. Комиссия мүшелері М.Ж.Абдыкарина, А.С.Мейрбекова, Ж.М.Макашева, С.С.Шаймерденова оқушылардың жұмыстарын тексеріп, қорытынды бойынша 6 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды. 3 сыныптар бойынша 3 ә сынып оқушысы Тұрсынхан Айхан 60- ұпаймен 1- орынға, 3 а сынып оқушысы Медетбек Нұрислам 55- ұпаймен 2- орынға, 3б сынып оқушысы Марат Әліби 50-ұпаймен 3-орынға ие болды. 4- сыныптар арасында 4 в сынып оқушысы Ежибаев Мәди 75- ұпаймен 1- орынға, 4в сынып оқушысы Аманжол Інжу 70- ұпаймен 2- орынға, 4 а сынып оқушысы Қали Бекарыс 65- ұпаймен 3- орынға иеленіп қалалық кезеңге өтті.