«Мектеп парламентін» сайлау
Дата: 2023-09-20 17:15:52
15 қыркүйекте «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің өзін-өзі басқару ұйымы «Мектеп парламентінің» 2023-2024 оқу жылына арналған кезекті сайлауы парламенттің қызметі туралы Ережесіне сай өтті.
Сайлау жәшігінің бюлетені бойынша 10 «А» сынып оқушысы - Амантай Арсен жеңіске жетіп, Парламенттің Президенті атанды. Құттықтаймыз!
Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.