Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

Дата: 2023-05-25 09:09:17
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де  18 мамыр күні «Балалар және театр»  жобасы аясында даярлық және 4-сыныптар арасында «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Бауырсақ» ертегілері қойылымы оқушылар назарына ұсынылды. Қойылымға ертегіден бөлек Мультфильм кейіпкерлері де келіп оқушылардың көңілін көтерді. Алдағы уақытта қуыршақ театры оқушыларға өзге де  тың қойылымдарды ұсынбақ.