Нашақорлық мәселесі бойынша

Дата: 2023-05-16 21:44:27
Нашақорлық мәселесі бойынша
 ҚР Қылмыстық Кодексi. 297-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу
 
- Есірткі, психотроптық заттарды тұтыну – әкімшілік жаза ретінде айыпбұл салынады және белгілі мерзімге қамауға алынады.
Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу –қылмыстық әрекет, мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Есірткі, психотроптық заттарды бiлiм беру ұйымдарында тарату, кәмелетке толмаған адамға өткізу –мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Кәмелет жасқа толмағандарды жазаға тарту 16 жастан, кейбір жағдайларда 14 жастан басталады.