Размер шрифта:

23:00-ден – 06:00-ге дейін заңды өкілінсіз далада жүруге тыйым салынады.

Дата: 2023-05-16 21:38:43
23:00-ден – 06:00-ге дейін заңды өкілінсіз далада жүруге тыйым салынады.
 22:00-ден 06:00-ге дейін ойын сауық орталығында, кафелерде, т.б. жүруге тыйым салынады.
 Жазғы демалыс уақытында ІІБ қызметкерлері кәмелет жасқа толмағандардың түнгі жүрісін бақылауды күшейтеді. Бала ұсталған жағдайда бірден қалалық білім беру ұйымына хабарланады, қалалық полиция бөлімшесінде әкімшілік құқық бұзғандығы туралы тіркеледі. Бұған қатты назар аударғандарыңыз жөн.
 

 

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі баптарынан үзінді:
73-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер
1. Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
ескерту жасауға не бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
он тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екінші бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер 
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 73-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру
1. Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамға қатысты жасалған әрекеттер –
ескерту жасауға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші және (немесе) 1-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
 3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
73-2-бап. Ұрып-соғу
1. Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамға қатысты жасалған әрекеттер –
ескерту жасауға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші және (немесе) 1-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
 
73-3-бап. Жала жабу
1. Жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату –
жеке тұлғаға бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға бес жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет –
жеке тұлғаға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан іс-әрекеттер –
жеке тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
 
132-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру
      1. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22:00-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.