Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша

Дата: 2023-05-16 21:35:49
ҚР оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы №61 бұйрығы «Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар»
Мектепішілік есепке алуға себептер:
-Академиялық үлгермеушілік
-Отбасындағы жайсыздықтар
-Қадағалаусыздық, панасыздық, қаңғыбастық, қайыршылық
-Мектептік Жарғысын, Мектептің ішкі тәртіп ережесін өрескел немесе бірнеше рет бұзу
-Сабақтарға дәлелсіз себептермен жүйелі түрде қатыспау
-Әкімшілік құқық бұзушылық жасау
-Психикалық белсенді, улы заттарды, есірткі құралдарын, спиртті ішімдіктерді тұтыну, темекі шегу.
 
Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері:
1)Отбасындағы ақау тәрбие;
2)Отбасындағы материалдық әл-ауқаты;
3)Жұмыссыздық;
4)Мінез-құлқының ауытқушылығы;
5)Рухани құлазуы;
6)Ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы;
7)Баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы.